Талап ауылының №14 жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйек білім күніне арналған жиын өтті. Жиында мектеп директоры Тулеубаев Қалдеш Манатұлы және Сатпаев қаласының бас маманы Айжанова Салтанат Дүйсенбекқызы және Ұлытау облысы ветиринария басқармасының басшысы әдіскер Әбусағип Түгелбайұлы, Талап ауылының әкімі: Бапанов Қайрат Мұратбекұлы сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді. Ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО - ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!


Талап ауылының №14 жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған Республикалық онлайн-акция болып өтті. Республикалық онлайн-акцияға мектебіміздегі 1,2,5,6,7,8,9 сыныптар ат салысып бейнеролик дайындады. 1-ші және 2-ші сыныптар «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыптарында ата аналарымен, мұғалімдерімен біріге отырып бейнеролик дайындады. 5,6,7,8,9 сынып оқушылары «Менің саяхатым!», «Жаңа оқу жылы құтты болсын!» тақырыптарында бейнеролик түсірді. Мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!


Талап ауылының №14 жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған Республикалық онлайн-акция болып өтті. Республикалық онлайн-акцияға мектебіміздегі 1,2,5,6,7,8,9 сыныптар ат салысып бейнеролик дайындады. 1-ші және 2-ші сыныптар «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыптарында ата аналарымен, мұғалімдерімен біріге отырып бейнеролик дайындады. 5,6,7,8,9 сынып оқушылары «Менің саяхатым!», «Жаңа оқу жылы құтты болсын!» тақырыптарында бейнеролик түсірді. 

Мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!