Талап ауылының №14 ЖББ мектебінде "Жеке бас гигиенасы" атты қыздар кеңесі өтті. Жиналыста Мектеп психологы Б. М. Битенова қыздарға "Қыз бала-болашақ ана" тақырыбында сауалнама алып, мектеп медбикесі жеке бас гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қыздар өзара мәселелерді талқылап , өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алды.