Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Талап ауылының №14 ЖББ мектебінде қараша айының 10-ы күні ауыл инспекторы және қалалық ЮПИ А.М.Сейтказинова мектепшілік тәртіпті қолға алу мақсатында ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың сабақтан себепсіз көп қалуы және сабаққа кешігіп келуі туралы , оқу үлгерімі төмендеп жатқан оқушылардың ата-аналарына ескертулер айтылды.
Бауыржан Момышұл: «тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мектептің тәртібіне бағыну міндеті қойылды.
Жиналыс барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді.
Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»-деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналар күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу қолға алынды.
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.
Бала тәрбиесі – басты мәселе. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды».
Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, адамгершілкпен тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейк.

мектеп директорының м.а. Мунтенова С.У.









