Мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой – өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа шыншылдыққа тәрбиелеу.
Талап ауылының №14 жалпы білім беретін мектебінің Өзің-өзі басқару ұйым мүшелерінің қатысуымен «Білімділер жарысы» интеллектуалды ойыны өтті.
«Білімділер жарысы» интеллектуалды ойынына 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Жігер», «Болашақ», «Жалын» болып 3 топқа бөлініп өз білімдерін ортаға салды. Интеллектуалды ойынында «Жалын» тобы жеңіске жетті.










