Талап ауылы № 14 жалпы білім беретін мектебінде  «Қара өлеңнің Хантәңірі» атты  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған әдеби сазды кеш өтті. Осы кеште 1-11 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа айтудан, әндерін тамылжыта орындаудан, шығармаларынан сахналық үзінді көрсетіп, бақтарын сынады. Ең үздік деп танылған оқушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды!!!